Мұғалім уақыты есеп-қисапқа емес, білім беруге арналуы керек. Бірақ электронды жүйелердің енгізілуі ұстаздарды қағазбастылықтан толық арылта алған жоқ. Осы түйткілді мәселені шешу үшін «Әділет» партиясының депутаттары арнайы заң жобасын әзірледі.
Құжатта артық есептілікті қысқартып, цифрлық платформалардың мүмкіндігін тиімді пайдалану көзделген. Заң жобасын Үкіметке ұсынбас бұрын депутаттар елордадағы Назарбаев Зияткерлік мектебіне барып, мұндағы тәжірибені зерделеді. Жиында көтерілген ұсыныстар заң жобасын одан әрі жетілдіру кезінде назарға алынады. Құжат Үкіметке енгізілгенге дейін Құрылтайда пысықталмақ.
Асхат Аймағамбетов, Құрылтай депутаты:
- «Әділет» партиясының бағдарламасын іске асыру үшін біз арнайы жобалық офисті аштық. Осы жұмыстың шеңберінде зияткерлік мектепке шығып, білім бағыты бойынша талқылап жатырмыз. Құрылтайдың бір топ депутаттары арнайы заң жобасын Президент тапсырмасын орындау мақсатында дайындадық. Мектепте бұл жұмысты қалай қойды деген сияқты сұрақтарды қойып, кездесу өткіздік.
Шолпан Каринова, Құрылтай депутаты:
- НИШ жүйесінде пайдаланып келе жатқан онлайн платформаларды, оның ішінде мұғалімдердің сабақты бірге жоспарлап, осы цифрлық платформада бір пәннің бірнеше мұғалімдері бірігіп жоспарлап, өткізіп, оны талдау жұмыстары арқылы мұғалімнің кәсіби өсуін де және оқушылардың білімін арттыру үшін де тиісті ұстанымдарды қалыптастырғанын көріп отырмыз.
Тегтер #мұғалім #құрылтай #электронды жүйе #ұстаз #қағазбастылық #Әділет партиясы #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz