RU
Толық нұсқаға өту

Риддерде 60 жыл бұрын салынған ескі стадион жаңғыртылады

13.11.2026, 14:30 21

Сегіз мың адам сиятын спорт нысанының жағдайы көңіл көншітпейді. Орындықтардан бастап барлық жабдықтары тозған. Электр жарығынан басқа ешқандай коммуникация жоқ. Кіреберістегі қызметтік нысанның іші азынап көктемде шатырынан су сорғалайды.

Сала басшыларының айтуынша, енді стадионның іші-сырты адам танымастай өзгереді. Болашақта мұнда футболшылар, жеңіл атлеттер мен шаңғышылар жаттығу өткізе алады.

Асқар Можанов, Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы:

- Әрине, біршама уақыт өтіп кетті. Дегенмен мәселе шешілді деуге болады. Жаңғырту жұмыстарына орай жобалық-сметалық құжат әзірледік. Қазір ол сараптамадан өтті. Келер жылдың жазында құрылыс басталады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz