RU
Толық нұсқаға өту
кадр бейнежазбадан

Жемқорлықпен күрес және қоғам сенімі: Заң алдында бәрі тең бе?

13.11.2026, 14:22 26

Елімізде «Заң мен тәртіп» қағидатын жүзеге асыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шараларын күшейту және квазимемлекеттік сектордағы заң бұзушылықтарға қатысты қоғамдағы өзекті мәселелер жиі талқыланып келеді. Осы бағыттағы құқықтық өзгерістер мен сот процестерінің ашықтығы туралы заңгер Нұрсұлтан Орынбек «24KZ» арнасының студиясында пікір білдірді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамамыз жетілген, қатал шаралар қарастырылған. Алайда жаңа шаралар ойлап табудан бұрын, бар механизмдерді дұрыс орындау тетіктерін қарастыруымыз керек. Конституциямыздың 16-бабында заң алдында барлығы тең екені нақты көрсетілген. Сондықтан бұл теңдік қағидатын орнатудың басты көрінісі – ұсталған тұлғаларға қатысты тергеудің объективті жүруі, соттың ашық өтуі және мемлекетке қайтарылған қаражат туралы халыққа ашық ақпарат берілуі, – деді заңгер Нұрсұлтан Орынбек.

Сарапшының айтуынша, ұлттық компаниялар мен квазимемлекеттік сектор өкілдерінің жауапқа тартылуы лауазымына қарамастан заңды бұзған әрбір азамат жауап беретінін көрсететін маңызды сигнал болып табылады. Сонымен қатар, қоғамдағы құқықтық нигилизмді (заңға сенбеушілікті) жою үшін сот отырыстарының ашық, тікелей эфирде өтуі маңызды рөл атқарады.

Мен бұл тақырыпты ғылыми тұрғыдан да зерттеп жүрмін. Заң мен тәртіп айналып келгенде адамдардың құқықтық санасынан басталады. Құқықтық сананың жаңғыруы – азаматтардың заң нормаларын біліп, оны сақтауы. Қазір ашық өтіп жатқан сот отырыстары азаматтардың құқықтық сауаттылығы мен мемлекеттік институттарға деген сенімін арттыруға үлкен үлес қосып отыр», – деп атап өтті Нұрсұлтан Орынбек.

Қорытындылай келгенде, заң мен тәртіп тек жазалау шаралары емес, ең алдымен қоғамдық сананың жаңғыруы, әділдік пен ашықтықтың салтанат құруы екені айрықша атап өтілді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz