RU
Толық нұсқаға өту

Алматы облысында мектеп-интернат басшылығы ақша жымқырған

13.11.2026, 15:15 32

Алматы облысында арнайы мектеп-интернаттың директоры, оның орынбасары және бас есепшіге бюджет қаржысын жымқыру дерегі бойынша сот үкімі шықты. Әрқайсына түрлі жаза тағайындалды, деп хабарлайды 24KZ.

Қарасай аудандық прокуратураның мәліметінше, олар іс жүзінде жұмыс істемейтін адамдарға жалақы төлеп отырған. Мемлекетке 5,8 млн теңге шығын келген.

Аида Иманалиева, Алматы облысы прокурорының аға көмекшісі:

- Прокуратура материалдары бойынша Қылмыстық кодекстің 189-бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілді. Сот үкімімен мекеме директоры екі жыл алты ай мерзімге бас бостандығынан айырылды. Ал оның орынбасары мен бас есепшісіне екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz