RU
Толық нұсқаға өту

Жемқорлықпен күресте бюджет қаражатының ашықтығы маңызды - сарапшы

13.11.2026, 16:44 36

Сыбайлас жемқорлықпен күрес тек құқық қорғау органдарының міндеті емес. Бұл бағытта қоғамның белсенділігі мен мемлекеттік қаржының ашықтығы да маңызды рөл атқарады. Әсіресе бюджет қаражатының қайда және қандай мақсатта жұмсалғанын азаматтар еркін бақылай алуы керек. Бұл туралы Қазақстандық қоғамдық даму институтының сарапшысы Арман Ешмұратов «24KZ» арнасына берген сұқбатында мәлімдеді.

Сарапшының пікірінше, мемлекеттік және квазимемлекеттік сектордағы қаржы айналымы толық цифрлық форматқа көшіріліп, бюджет туралы ақпарат ашық электронды платформаларда жариялануы қажет. Сонда әр азамат мемлекеттік қаражаттың қозғалысын бақылауға мүмкіндік алады.

Жемқорлықтың алдын алуда қоғамдық бақылау мен азаматтық белсенділіктің де маңызы зор. Қоғамдағы немқұрайлылық пен үнсіздік құқық бұзушылықтарға көз жұмуға әкелуі мүмкін. Сондықтан азаматтар заңсыз әрекеттерге бейжай қарамай, өз ұстанымын ашық білдіруі керек, - деді Арман Ешмұратов.

Сонымен қатар сарапшы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру қажеттігін атап өтті. Оның сөзінше, заң мен тәртіп қағидаты тек заңнамалық өзгерістермен шектелмей, қоғамның сана-сезімі мен күнделікті көзқарасында орнығуы тиіс.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz