Алматылықтар тау туризмінің дамуына оң баға берді. Almaty SuperSki жобасының аясында заманауи демалыс орындары салынып, 60 шақырымдық шаңғы трассасы мен 11 аспалы жол тартылады, деп хабарлайды 24KZ.
Қала тұрғындарының пікірінше, мұндай бастамалар шаһар экономикасына оң әсерін тигізеді. Әсіресе тауға қызығатын шетелдік туристердің көбеюі жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді. Дегенмен демалыс орындарындағы баға көпшілікке қолжетімді болуы керек. «Сонымен қатар құрылыс жұмыстары табиғатқа зиян келтірмесе», - дейді тұрғындар. Айта кетейік, Almaty SuperSki – он екі ай бойы жұмыс істейтін тау шаңғысы курортын дамытуға бағытталған жоба.
Тегтер #24KZ #Алматы #Almaty Superski #Тау туризмі #сауалнамаPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz