Ақтөбеде дәмханада болған жарылыстан зардап шеккендердің жағдайы тұрақты. 19 жастағы жігіт жансақтау бөлімінде жатыр. Дегенмен дәрігерлер өміріне қауіп жоқ екенін айтады, деп хабарлайды 24KZ.
Ал 36 жастағы әйел тексеруден кейін үйіне шығарылды. Бүгін қаладағы Алтын орда шағын ауданындағы дәмханада жарылыс болып, көпқабатты үйге жапсарлас салынған ғимарат опырылып түскен еді. Дүмпудің қатты болғаны сонша, бірнеше пәтердің терезесі қирады. Жақын маңда өтіп бара жатқан көліктердің әйнегі сынды. Төтенше жағдайлар қызметі жабық ғимаратта табиғи газ жиналып қалған болуы мүмкін дейді. Нақты себебі тергеу амалдары аяқталған соң белгілі болады
Қадырбек Иманбаев, №1 қалалық көпсалалы ауруханасының бас дәрігері:
– Екі науқастың да қазіргі таңда өмірлеріне қауіп жоқ. Бір науқас амбулаториялық емге жіберілді. Тексеріліп болған соң бас тартты бақылаудан. Екінші науқастың жағдайы тұрақты. Барлық керекті медициналық тексерулер, қажетті медициналық көмектер жүргізілуде.
Тегтер #24KZ #Ақтөбе #жарылыс #зардап шеккендерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz