Елордада балаларға арналған «Байлық формуласы» кітабының тұсауы кесілді. Еңбектің аты айтып тұрғандай, жасөспірімдерге қаржылай сауатты болуды, алаяқтардан қалай қорғану керегін үйретеді, деп хабарлайды 24KZ.
Тәрбие – тал бесіктен басталса, қаржылық сауаттылық та солай. Бала күннен басталу керек. «Байлық формуласы» кітабы жеткіншектерді теңгеннің тиыннан құралытыны түсіндіріп, ақшаны тиімді жарату жолдары жайлы баяндайды. Авторы Лаура Байжарасова қаржы саласында жиырма жылдан бері жүрсе де, оқулықты дайындауға алты жылын арнапты.
Лаура Байжарасова, кітап авторы:
Енді ақша дей бермей, бұл кітапта адамға тән қасиеттер, қайырымдылық, өзін-өзі дамыту, жыл сайын мақсат қою сияқты тақырыптар қамтылған. Сондай-ақ кітапта «Байлық формуласы» да бар. Балаларға арналған ережелер, материалдық және практикалық тапсырмалар, қаржыгер сөздігі берілген.
Кітап 11-15 жас аралығындағы жасөспірімдерге арналған. «Банк ЦентрКредит» АҚ қолдауымен қазақ тілінде жарық көрді.
Гүлжихан Хамитова, «Банк ЦентрКредит» АҚ Астана қалалық филиалы директорының орынбасары:
– Ең бастысы, қаржылық сауаттылық әр балада, әр адамда өзінің кішкентай кезінен басталуы керек. Ең бастысы, ол өзінің алғашқы таңдауы, күнделікті қолма-қол жұмсап жүрген ақшасы, қаражаты делік, өзінің таңдамы, талғамы ең кішкентай жасөспірім кезінен бастап дұрыс тәрбиеленсе, әрі қарай ол болашақта да жақсы қаражатты реттей алады. Сондықтан да осы автор кішкентай жасөспірімдерге арнап осындай туынды жасағандықтан, Банк ЦентрКредит қолдап отыр.
«Банк ЦентрКредит» АҚ өкілдері қаржылық сауаттылықты арттыруға арналған қазақ тіліндегі жаңа бастамаларға ашық екенін хабарлайды. Банк байыпты бағдарлама, ұтымды ұсыныстар болса, қолдау білдіруге дайын.
Авторлары: Шерхан Абзалұлы, Ырыстанбек Оспан
Тегтер #24KZ #жарнама #Астана #тұсаукесерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz