RU
Толық нұсқаға өту

Елімізде 124 азамат жалған ақпарат таратқаны үшін жазаланды

14.11.2026, 09:05 25

Елімізде жыл басынан бері интернетте жалған ақпарат таратқан 124 азамат жауапкершілікке тартылған. Олардың қатарында әлеуметтік желі қолданушылары, блогерлер мен көпшілікке арналған парақшалардың авторлары бар. Олар түрлі оқиғалар мен жағдайларға қатысты шындыққа жанаспайтын ақпарат жариялап, заң талаптарын бұзған, деп хабарлайды 24KZ.


Қоғамға қауіп төндіретін бұл құбылыстың алдын алу мәселесі Журналистер клубының Семей қаласында өткен кеңейтілген отырысында талқыланды. Жиынға қатысқан ақпарат саласының өкілдері кәсіби жауапкершілік, жаңалықтардың шынайылығын қамтамасыз ету және этносаралық тақырыптарды сауатты әрі байыппен жариялау мәселелері жөнінде пікір алмасты.

Әлішер Сатыбалдиев, республикалық Журналистер клубының төрағасы:

– Қазір жасанды интеллект, әлеуметтік желілер дамыды. Фейк ақпараттармен күресіп келсек, енді дипфейк технологиялары қосылып жатыр. Сторителлинг дейміз, өзінің өнімін, өзінің пікірін эмоциямен жеткізе отырып, біліп-білмей, халық арасында өшпенділік туғызып жатқан азаматтар да бар. Міне, осының алдын алуымыз керек. Халық арасында, оның ішінде әлеуметтік желіні белсенді пайдаланатын азаматтарға түсіндіруіміз керек. Осы тұрғыдан жұмыстар жүргізетін боламыз.

 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz