RU
Толық нұсқаға өту

Елордада шала туған сәбилерді қолдау эстафетасы өтті

14.11.2026, 13:06 33

Қазақстанда жыл сайын 20 мыңнан астам нәресте мерзімінен бұрын дүниеге келеді. Олардың кейбірінің салмағы небәрі 500 грамм. Нәрестенің ата-анасына қолдау көрсету мақсатында елордада «Күш пен махаббат жолы» қайырымдылық эстафетасы өтті, деп хабарлайды 24KZ.


Іс-шара халықаралық шала туған балалар күніне орай ұйымдастырылды. «Ана мен бала орталығы» дәрігерлерінің бастамасымен өткен шараға мерзімінен бұрын туған балалар мен олардың ата-аналары қатысты. Игі шараға Ішкі істер министрлігі қолдау білдіріп, түрлі спорттық сайыстар өткізілді. Дәрігерлердің айтуынша, шала туған сәбилердің үлесі жыл сайын артып келеді. Десе де олардың 80%-ы аман қалады.

Мария Тагаева, UMC ана мен бала орталығының неонатолог дәрігері:

– Біз салмағы 500 грамнан бастап, жүктіліктің 22-аптасынан бастап дүниеге келген балаларды емдеп, өсіріп, күтім жасаймыз. Шала туған балалардың саны жылына 20 мыңнан асады. Өте ерте дүниеге келген нәрестелер ауруханада 2-3 айға дейін жатуы мүмкін. Ал жүктілік мерзіміне жақын уақытта туған балалар бізде бір айға дейін, кейде 2-3 апта көлемінде жатады.

Әйгерім Мырзагелдиева, тұрғын:

– Біз 27 апталық жүктілік кезінде 901 грамм салмақпен дүниеге келдік. Ана мен бала орталығында 3,5 ай жаттық. Қызым, Алла қаласа, биыл 7 жасқа толып, бірінші сыныпқа барады. Негізі, бұл – менің үшінші балам, бірақ төрт баламның барлығы да шала туған. Ал Айғаным қызым осы Ана мен бала орталығында дүниеге келді. Осы орталықтың барлық дәрігерлері мен ұжымына алғысым шексіз. Қазір Қазақстанда медицина саласы өте қарқынды дамып келеді. Дәрігерлеріміздің біліктілігі жоғары екеніне сенімді түрде айта аламын.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz