RU
Толық нұсқаға өту
фото: ҚР Көлік министрлігі

Көлік министрлігі балалар арбасымен автобусқа кіру тәртібін түсіндірді

14.11.2026, 22:00 45

Қолданыстағы қағидалар ата-аналардың балалар арбасымен қоғамдық көлікте жүруіне тыйым салмайды, деп хабарлайды 24KZ ҚР Көлік министрлігіне сілтеме жасап.

Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларына енгізілген өзгерістерге сәйкес автобус салоны шамадан тыс толған жағдайда, ата-анаға арналған бос орын болған кезде балалар арбасын жиналған күйде алып жүру көзделген. Бұл ретте арба жолаушылардың еркін қозғалуына кедергі келтірмеуі тиіс.

Аталған талап жолаушылардың, оның ішінде балалар мен оларды алып жүретін ата-аналардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ автобус салонындағы еркін өту жолын сақтауға бағытталған.

Егер ата-анаға балалар арбасын жинау қолайсыз болса, ол сапарын арбаны жайылған күйінде жалғастыра алады.

Бұл ретте айыппұл салу, жолаушыны автобустан түсіру немесе өзге де санкциялар қолдану көзделмеген.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz