RU
Толық нұсқаға өту
фото: ҚР ТЖМ

ТЖМ құтқарушылары тауда туристерге тағы да көмек көрсетті

14.11.2026, 22:50 29

Алматы облысы Қарасай ауданы Терра алаңқайынан жоғары таулы аймақта 17 және 18 жастағы екі жас өздігінен төмен түсе алмай, құтқарушылардан көмек сұраған, деп хабарлайды 24KZ ҚР ТЖМ сілтеме жасап.

Іздестіру-құтқару жұмыстарына ҚР ТЖМ «Барыс» республикалық құтқару қызметінің құтқарушылары жұмылдырылды.

Шамамен 2600 метр биіктікте жастарды тапқан құтқарушылар олардың өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрмағанына көз жеткізді. Олар медициналық көмекке мұқтаж болмады.

Құтқарушылар жастарды Өтпелі шатқалына дейін қауіпсіз алып түсіп, кейін қалаға аман-есен жеткізуді ұйымдастырды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz