RU
Толық нұсқаға өту
фото: ҚР ТЖМ

ТЖМ құтқарушылары Қарағанды облысында адасып кеткен ер адамды тапты

14.11.2026, 23:20 27

Қарағанды облысының Ақтоғай ауданында құтқарушылар жоғалып кеткен ер адамды іздестіру жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды 24KZ ҚР ТЖМ сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, 1982 жылы туған ер адам күндіз қыстаудан Балқаш қаласына қарай жаяу шығып, жолда бағдарынан адасып кеткен.

Іздестіру жұмыстары барысында ТЖМ жедел-құтқару жасағының қызметкерлері жоғалған азаматпен байланысқа шығып, одан өзінің нақты орналасқан жерінің геолокациясын алды. Құтқарушылар көрсетілген координаттар бойынша орналасқан жерін анықтап, «Ақбұзат» қыстауынан солтүстікке қарай 10 шақырым жерден ер адамды тапты. 

Ер адам Балқаш қаласына жеткізілді. Медициналық көмек қажет болмады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz