RU
Толық нұсқаға өту

Сарапшылар Қазақстанның жаңа инвестициялық жоспарына назар аударды

15.11.2026, 09:05 26

Қазақстанның жаңа экономикалық бағдары мен инвестициялық жоспары көршілес мемлекеттер үшін тың мүмкіндікке жол ашады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында белгіленген басымдықтарға түркиялық сарапшылар ерекше назар аударды, деп хабарлайды 24KZ.


Түркі дүниесі азаматтық қоғам ынтымақтастығы қауымдастығының басқарма төрағасы Кемал Курназдың айтуынша, Жолдауда көзделген міндеттер Қазақстанның дәстүрлі экономикалық модельден заманауи технологияға негізделген даму кезеңіне өтуді көздейді. «Ал келер жылы құрылыс, инфрақұрылым, көлік-логистика, цифрландыру және жасанды интеллект сияқты перспективалық салаларға бағытталатын шамамен 15 млрд доллар инвестиция Қазақстан экономикасына серпін беріп қана қоймай, өңірлік әріптестікті нығайтуға ықпал етеді», – дейді сарапшы.

Кемал Курназ, Түркі дүниесі Азаматтық қоғам ынтымақтастығы қауымдастығының басқарма төрағасы:

– Бұл инвестиция Қазақстанға ғана емес, көршілес мемлекеттер мен тұтас түркі әлеміне де пайда әкеледі. Өйткені жүзеге асырылатын жобалар мен құрылыс жұмыстары қазақстандық, түркиялық және басқа да елдердің мердігер компаниялары мен инвесторлары үшін жаңа мүмкіндік қалыптастырады. Мұның өңір экономикасына қосар үлесі зор деп есептеймін.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz