RU
Толық нұсқаға өту

Елімізде 729 адам жәрдемақыдан бас тартты

16.11.2026, 07:40 26

Ел азаматтары әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақылардан цифрлық платформа арқылы ерікті түрде бас тарта алады. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі eGov Mobile қосымшасында цифрлық сервисті іске қосты.

Әрине, бұл орайда ешкімге міндет жүктелмейді. Тек мемлекет көмегіне мұқтаж емес отандастарымыз өз қалауымен осы қызметке жүгіне алады. Яғни әл-ауқаты жоғары жандардың уақыт бөліп, мемлекеттік органдарға барып, өтініш жазуының қажеті жоқ. 

Бір ескеретіні, әлеуметтік қолдауды алмаймын деп шешкен адам келешекте көмекке қайта өтініш беруіне болады. Сервис жұмысын бастаған қазан айынан бері 729 азамат жәрдемақыдан бас тартқан.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz