Үш күнге созылған шараға Қазақстан мен Ресейден 90-нан астам мектеп оқушысы мен колледж студенті қатысты. Онда өздерінің цифрлық өнімдерін әзірлеп, бағдарламалау, командалық жұмыс және практикалық тапсырмаларды шешу дағдыларын көрсетті.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай іс-шаралар жастарға әзірлеуші мамандығымен танысып, еңбек нарығына шықпай тұрып-ақ нақты жобалармен жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Айталық, хакатон PROD халықаралық олимпиадасы аясында өтті. Осы уақытқа дейін 30-дан астам елде ұйымдастырылып, 10 мың қатысушының басын қосқан.
Олеся Майстренко, Ресей Орталық университеті мектеп оқушыларына арналған білім беру жобаларының жетекшісі:
- Хакатонға қатысқан оқушыларға үш түрлі тапсырма ұсынылды. Біріншісі – мейрамханаларға дауыстық хабарлама арқылы үстел брондау жүйесі. Екіншісі – бірлесіп оқу процесін ұйымдастыруға арналған платформа. Ал үшіншісі – топтық шешім қабылдауға арналған платформа. Бұл – балалардың өздері жұмыс істеуге мүмкіндік алған нақты жобалар. Яғни өнімдерді болашақта түрлі компаниялардың клиенттері пайдалана алады. Оларды қолмен ұстап, іс жүзінде сынап, қолдануға болады.
Тегтер #халықаралық хакатон #өнеркәсіп #оқушы #коллдж студенті #цифрлық өнім #ОлимпиадаPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz