Қазақстанда жыл басынан бері көліктерге қосымша жанармай бактарын заңсыз орнатудың 595 дерегі тіркелді, деп хабарлайды «24KZ» polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Құқықбұзушылықтардың басым бөлігі Жамбыл облысында анықталған. Мұнда заңбұзушылықтың 386 дерегі тіркелді. Түркістан облысында – 119, Қостанай облысында 80 жағдай анықталды. Олардың жалпы көлемі 159,5 тоннаға жеткен.
Аталған заңсыздықтардың жолын кесу үшін мемлекеттік шекарадағы 48 автокөлік өткізу пунктінің маңында полиция бекеттері тәулік бойы жұмыс істейді. Заңсыз қосымша бак орнатқан жүргізушілер Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 590-бабы 7-бөлігі бойынша жауапкершілікке тартылып, оларға айыппұл салынды. Көліктерден заңсыз орнатылған бактар алынып тасталды, делінген хабарламада.
Тегтер #полиция #заңсыз жанармай #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz