Жетісу облысында Қытайға 488 млн теңге тұратын алтынды заңсыз алып өтпек болған ер адамның әрекеті әшкереленді. Ол кедендік бақылаудан жасыру үшін алтын құймаларын жабысқақ таспамен денесіне бекітіп алған. Бұл туралы облыстық прокуратура мәлімдеді, деп хабарлайды «24KZ».
Прокуратураның мәліметінше, Алматы қаласының тұрғыны «Қорғас» шекара маңы халықаралық ынтымақтастық орталығы арқылы аса ірі мөлшердегі бағалы металды заңсыз өткізбек болған. Алайда кедендік тексеру кезінде контрабандалық тауар анықталып, тәркіленді.
Сотта мемлекеттік айыптаушы ер адамның экономикалық контрабандаға оқталу бойынша кінәсін дәлелдеді.
Панфилов аудандық сотының үкімімен сотталушы кінәлі деп танылды. Жалпы салмағы 5 келі 764 грамм болатын, құны 488 млн теңгеге бағаланған алтын мемлекет кірісіне айналдырылды.
Тегтер #24жаңалықтар #24KZ #алтын #Жетісу облысы #ҚорғасPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz