Алматыда полиция қызметіне заманауи цифрлық шешімдер енгізіліп жатыр. Соның бірі – биометриялық бейнеталдау функциясы бар AR-ақылды көзілдірік, деп хабарлайды «24KZ» Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Құрылғы адамның бет-әлпетін ведомстволық дерекқорлар арқылы жедел тексеруге мүмкіндік береді. Әзірге құрылғы пилоттық режимде, бір дана көлемінде қолданылып жатса да, алғашқы нәтижесін берді. Жақында қаладағы мешіттердің бірінде осы көзілдірік арқылы Шымкент полициясы іздестіріп жатқан ер адам анықталды. Ақпарат тексерілгеннен кейін ол ұсталып, одан әрі процестік әрекеттер үшін тиісті органға тапсырылды.
Технологияның артықшылығы – қызметкерге смартфон немесе планшетке алаңдамай-ақ, іздеудегі тұлғамен сәйкестік туралы ақпаратты тікелей көзілдірік экранынан көруге мүмкіндік береді. Бұл әсіресе адам көп жиналатын қоғамдық орындарда патрульдік қызмет атқару кезінде маңызды.
Алматы қалалық Полиция департаментінде заманауи технологияларды қолдану жеделдікті арттыруға, іздестіру жұмыстарының тиімділігін күшейтуге және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталғанын атап өтті.
Тегтер #Алматы #полиция #ақылды көзілдірік #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz