Қазақстан туризмді дамытуға қолайлы жағдай жасалған елдердің әлемдік рейтингінде 110 мемлекеттің ішінде 56-шы орынға тұрақтады. Осы көрсеткішпен еліміз Орталық Азияда көш бастады, деп хабарлайды 24KZ.
Visual Capitalist басылымы Дүниежүзілік экономикалық форумның 2026 жылғы Travel & Tourism Development Index рейтингісінің нәтижелерін жариялады. Зерттеу нәтижесі бойынша, Қазақстан 7 балдық жүйемен 4,09 ұпай жинаған. Еліміздің көрсеткіші 2024 жылмен салыстырғанда 1,6%-ға, ал 2019 жылмен салыстырғанда 2,4%-ға жақсарған. Орталық Азия елдері арасында Өзбекстан 76-орынға, Қырғызстан 93-сатыға жайғасқан. Ал Әзербайжан 58-орында. Әлемдік рейтингтің алғашқы үштігіне Жапония, АҚШ және Испания енді. Үздік ондықта Еуропаның алты мемлекеті бар. Айта кетейік, рейтинг туристер санын емес, елдердің туризмді дамытуға қаншалықты қолайлы жағдай жасалғанын бағалайды. Зерттеу қауіпсіздік, көлік және туристік инфрақұрылым, мемлекеттік саясат, табиғи және мәдени ресурстар, сондай-ақ тұрақты туризмді дамыту сияқты 17 бағытты қамтитын 102 көрсеткіш негізінде жасалған.
Тегтер #туризм #Орталық Азия #рейтинг #көрсеткішPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz