Бүгінде жасанды интеллект адам өміріне етене еніп, ақпаратты қабылдау мен өңдеу тәсілін өзгертіп жатыр. «Мұндай жағдайда сыни ойлау, мәліметті саралау және дұрыс шешім қабылдау қабілетін де арттыру маңызды», – дейді ғалымдар. Алматыда философ Лесхан Асқардың 70 жылдық мерейтойына орай «Ойлау мәдениетінің заманауи трансформациялары» атты республикалық ғылыми дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды 24KZ.
Зерттеушілер цифрлық дәуірдегі адам ойлауының өзгеруі мен оны жетілдіру жолдарын талқылады. «Жастардың ойлау мәдениетін қалыптастыру, ғылыми-шығармашылық ойлауға көшу, табиғи интеллект пен жасанды интеллект аражігін ажырата білу – бұл қазіргі замандағы ең басым міндеттердің бірі», – дейді қатысушылар. Жиын IV Қазақстан философия конгресі аясында ұйымдастырылды.
Лесхан Асқар, философия ғылымдарының кандидаты:
– Әрбір азаматты дұрыс бағытта ойлауды үйрету керек. Соны үйрететін ғылымдардың бір саласы ол – логика. Әрине қасаң, қатып қалған антика дәуірінен келе жатқан логиканы бүгінгі күннің заманның талабына сәйкестендіру қиын болады. Дей тұрғанмен бүгінгі күннің заманның талабына сәйкес логиканың да ерекше түрлері пайда бола бастады. Оны біз әртүрлі атап жатамыз. Бірін практикалық логика деп атайды. Өрісті логиканы ұсындық.
Берік Аташ, философия ғылымдарының докторы:
– Ол кісі нәтижелі еңбек жасады. 200-ден астам ғылыми мақалалары бар. Әрине, оның көпшілігі логика. Бүкіл логиканың тарихы, әлемдік логика тарихына талдау жасаған адам. Бұл кісінің тағы бір жетістігі қазіргі математикалық логика дейтін бар, диалектикалық логика дейтін бар, көп мәнді логика дейтін бар. Сол салада Қазақстанда жетекші білгір маман деп айтуымызға болады.
Тегтер #трансформация #Алматы #ЖИ #мәдениетPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz