RU
Толық нұсқаға өту

«Қазақстан балалары» тұжырымдамасы сәтті жүзеге асып жатыр

16.11.2026, 17:17 19

Елде «Қазақстан балалары» тұжырымдамасы сәтті жүзеге асып жатыр. Мемлекет басшысының тапсырмасына сай әзірленген құжатты Үкімет 5 жылға бекітті. Онда балалардың қауіпсіздігі, сапалы білім алуы, денсаулық сақтау мен әлеуметтік қорғалу құқықтарын қамтитын 4 негізгі бағыт қарастырылған.

Бұл туралы бүгін Құрылтайдағы Үкімет сағатында айтылды. Қазір елде 7 млн-ға жуық бала бар. Бұл халықтың үштен бір бөлігіне тиесілі. Кейінгі 10 жылда бала саны 1,5 миллионға артты. Демек осы демографиялық өсімге сәйкес, мемлекеттік қолдау да жүйелене түсті, дейді дейді Құрылтай төрағасының орынбасары Динара Зәкиева.

Динара Зәкиева, Құрылтай төрағасының орынбасары:
- Президент тапсырмасына сәйкес әзірленген «Қазақстан балалары» тұжырымдамасының қабылдануы бала құқығын қорғау саласындағы маңызды шаралардың бірі болып отыр. Ол бірқатар салада балалардың мүддесі мен құқықтарын қорғайды. Құжат баланың бірыңғай цифрлық маршрутын енгізуді ғана емес, өмірлік қиын жағдайға түскендерге арналған 111 ұйымның 44-іне күрделі жөндеу жұмысын жүргізуді де қамтиды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz