Елде мемлекеттік оқу грантының 4 пайызы қандастарға беріледі. Жыл сайын 3 мыңдай отандасымыз елге келіп, білім алып жүр. Дәл қазір мың жарым жас алғашқы білім курстарына қатысып жатыр. Бұл арқылы келешекте оқитын университеттерімен танысады.
Оқу орындарының көбі Астана мен Алматыда орналасқан. Қандас студенттер Қытай, Моңғолия, Өзбекстан, Түрікменстаннан келген. Түлектер елде қалып, қызмет етуге ынталы. Көбі техникалық, гуманитарлық және IT бағытта білім алып жүр.
Ырысқали Дәуренбек, «Отандастар қоры» КЕАҚ президенті:
- 4 пайыз деген негізі жылда Үкіметтің бөлетін бір квотасы бар ғой, соның 4 пайызы қандастарға арналған. Солар сол гранттың негізінде, мысалы, ҰБТ тапсырған кезде де жеңілдік жасалады. Бұрын мысалы, ҰБТ тапсырғанда олар біздің оқушыларымыз сияқты 5 пәнмен тапсыратын болса, қазір олардың да 3-ке дейін қысқартылды.
Тегтер #қандас #студент #оқу #грант #білімPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz