Қазақ тарихын өнер арқылы таныту. Бүгін елордада Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Қазақ елі» монументінің авторы, мүсінші әрі суретші Сембіғали Смағұловтың авторлық шеберлік сабағы өтті, деп хабарлайды 24KZ.
Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінде ұйымдастырылған кездесуге студенттер қатысты. Шеберлік сабағында суретші «Ақсақ құлан» күйі мен Жошы хан туралы аңызға тоқталып, тарихи оқиғаларды бейнелеудің қыр-сырын көрсетті. Студенттерге көшпенділер дүниетанымын қағаз бетіне түсіру, тарихи тұлғалардың образын жасау және туындыны көркем әрлеу тәсілдерін түсіндірді. Суретшінің айтуынша, дала өнерін түсіну үшін оған тек сырт көзбен қарау жеткіліксіз. Ең бастысы – көшпенділердің дүниетанымы арқылы әлемді тану. Ол мұны «дала оптикасы» деп атайды.
Сембіғали Смағұлов ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты «Ақсақ құлан» мен «Жошы хан» аңызына байланысты мастер класс өткіземін, өйткені мына аңыз Жошы хан образына жанасқан. +58:05: Қазақ өнерінің дала оптикасы туралы біраз әңгіме айтамын. Содан кейін дала оптикасының қазіргі әлемде қазіргі кезде қандай маңызды екені. Дала оптикасы далаға қарау емес, даладан әлемге қарау.
Аружан Алдыжоманова, студент:
Оның жұмыстары өте қызық және біздің тарихымызды жақсы көрсетеді. Сол үшін ол өте маңызды. Осы шеберлік сабақ өте қызық өтті. Маған ұнады.
Тегтер #24KZ #шеберлік сабақ #Астана #Сембіғали СмағұловPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz