Маңғыстаулық оқушылар «Таза Қазақстан» экоакциясы аясында ұйымдастырылған зияткерлік сайыста өзара бақ сынасты, деп хабарлайды 24KZ.
Quiz ойыны түріндегі дәстүрлі байқау «Табиғат детективтері» деген атаумен өтті. «Шараның мақсаты – балалардың қоғам алдындағы жауапкершілігін арттырып, қоршаған ортаға жанашыр ұрпақ тәрбиелеу», – дейді мамандар.
Экологиялық бағыттағы Quiz ойыны бірнеше бөлімнен тұрады. Қатысушылар 9 топқа бөлінді. Әр команда құрамында 3 оқушы бар. Сайыс басталған бойда балалар арнайы сайтқа кіріп, Қазақстанда тіркелген пайдалы қазба орындары мен жергілікті жер-су атауларына қатысты логикалық тапсырмаларды орындады. Келесі бөлімде мобильді қосымшаның көмегімен қызықты векториналық сауалдарға жауап іздеді.
Мүслім Жұбантұрлыұлы, оқушы:
– Quiz деген – өз ойыңды, қабілетіңді тексеретін нәрсе. Қаншалықты ақылың мол, тексересіз. Бірінші рет қатысып отырмын. Quiz-дар маған ұнайды.
Экобайқау облыста биыл үшінші жыл ұйымдастырылды. «Таза Қазақстан» бастамасы аясындағы интеллектуалды ойынға өңірдегі барлық мектеп тұрақты қатысады. Сайыс жеңімпаздары алдымен аудан және қалалық кезеңде анықталады. Облыстық кезеңге биыл 13–14 жас аралығындағы 27 бала өтті.
Думан Нұрболатұлы, облыстық Дене тәрбиесі және туризм орталығының бөлім жетекшісі:
– Экологиялық сананы қалыптастырады. Екіншіден, бізде балалар квест деген жерін жақсы көреді, яғни бір нәрсенің шешімін тапқанды. Логикалық ойлауды қалыптастырады. Әуелден негізі далалықта өткізілетін жарыс еді.
Айта кетсек, «Табиғат детективтері» сайысы бұған дейін саябақтар мен демалыс орындарында өткізілетін. Танымдық шара аясында балалар көшелерді тұрмыстық қалдықтан тазартып, қоқыстарды сұрыптауды үйренді. Дәстүрге сәйкес байқау соңында үздік командалар диплом және бағалы сыйлықпен марапатталады.
Авторлары: Талғат Исламұлы, Саламат Бекбаев
Тегтер #24KZ #Маңғыстау #экологиялық акция #Таза ҚазақстанPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz