Алматы облысы Жамбыл ауданында кейінгі екі жылда 500 бас жылқы жоғалған. Малының ноқтасын ұстап қалған ел ұрлық көбейгенін айтады. Жамбыл мен Еңбекші-қазақ ауданында түн қатып, түзде жүрген екі қылмыстық топ ұсталды.
Әрқайсының құрамында кемі 4-5 адамнан болған. Ал шаруалар ұры-қарының бұдан әлдеқайда көп екенін айтады. Мемлекет басшысы құқық қорғау органдарына мал ұрлығына қатысы бар қылмыскерлерге аяушылық жасамай, оларды қатаң жазалауды тапсырған болатын. «Мал көбіне өрістен жоғалады, алдағы уақытта мұндай қылмыстардың ізін суытпай ашуға барынша тырысамыз», - деді Жамбыл аудандық полиция өкілдері.
Төленді Оспан, Қызыләскер ауылының тұрғыны:
- Жамбыл ауданында өршіп тұр. Ол мүмкін 500-ден асып кетер, мүмкін төмен болар. Бірақ менің есігімнің алдынан 10 бас жылқы кетіп отыр. Үш құлынды бие, екі байтал, бір ту бие, бір айғыр.
Берік Қапасов, Жамбыл аудандық Полиция басқармасының бастығы:
- Ұрланып жатқан малдың бәрі шалғай жайылымда, ауылдан 5-6, кейбірі 10-15 шақырым жерлерде жоғалады. Кейбір малдың иелері Алматы қаласында, басқа жерлерде тұрады. Бірінші топ ұсталған қазіргі уақытта 6 мал ұрлығы бойынша өздерінің жауаптарын беріп отыр мойындап, екінші топ екі мал ұрлығы бойынша қылмысын мойындап отыр. Қазіргі уақытта олармен тергеу әрекеттері жүргізілуде.
Тегтер #мал ұрлығы #жылқы #қылмыстық топ #Алматы облысыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz