RU
Толық нұсқаға өту
Polisia.kz

27 жыл бойы іздеуде жүрген күдікті Мәскеуде ұсталды

18.11.2026, 10:20 21

Павлодарда 1999 жылы жасалған қарақшылық шабуылға байланысты 27 жыл бойы іздеуде жүрген күдікті Мәскеуде ұсталды, деп хабарлады «24KZ» Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Павлодар облысының полиция департаменті прокуратурамен бірлесіп, қылмыстық жауапкершіліктен жалтарып жүрген адамдарды, оның ішінде Қазақстаннан тыс жерлерде жасырынған күдіктілерді анықтау және ұстау бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын тұрақты түрде жүргізіп келеді.

2026 жылдың алғашқы 10 айында облыста барлығы 82 адам іздеуде болған. Оның 62-сіне биыл полицияның аумақтық бөлімшелері іздеу жариялаған.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде іздеуде жүрген 73 адам анықталды. Олардың біреуі адам өлтіру, үшеуі қарақшылық шабуыл, тағы үшеуі тонау деректері бойынша іздестірілген.

Сонымен қатар қабылданған шаралар нәтижесінде облыс аумағында шет мемлекеттердің құқық қорғау органдары іздестіріп жатқан 31 қылмыскер анықталды. Сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде шетел мемлекеттерінің аумағында жасырынып жүрген 7 қылмыскер анықталды, – деді Павлодар облысы полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының бастығы Жасұлан Танжанов.

Атап айтқанда, Павлодар облысы криминалдық полиция басқармасының жедел-іздестіру тобы Ресей ІІМ қызметкерлерімен бірлесіп жүргізген арнайы іс-шара барысында Мәскеу қаласында ұзақ уақыт бойы іздеуде жүрген адамды ұстады. Ол 1999 жылдан бері Павлодар қаласында жасалған қарақшылық шабуылға байланысты полициядан бой тасалап келген.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz