RU
Толық нұсқаға өту
Сурет ЖИ көмегімен жасалған

Қазақстанда интернеттегі бейәдеп сөз үшін жаза енгізіледі

18.11.2026, 11:15 27

Қазақстанда құқыққа қайшы контент таратқан онлайн-платформалар мен олардың өкілдіктеріне әкімшілік жауаптылық енгізіледі. Сондай-ақ масс-медиа мен интернет-платформаларда бейәдеп сөздер қолданғаны үшін де жаза қарастырылған. Тиісті заң жобаларын Құрылтай бірінші оқылымда мақұлдады. Бұл өзгерістер Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әзірленген, деп хабарлайды «24KZ».

Жаңа түзетулерге сәйкес, онлайн-платформалардың Қазақстан аумағында құқыққа қайшы контентті жою туралы уәкілетті органның нұсқамаларын орындамауы әкімшілік жауаптылыққа әкеп соғады. Сонымен қатар олардың еліміздегі өкілдіктері заңнамада белгіленген тәртіппен есептік тіркеуден өтуге міндеттеледі.

Бұдан бөлек, масс-медиа мен онлайн-платформаларда бейәдеп сөздер қолданғаны үшін жауаптылық енгізу көзделген.

Заң жобасында бұқаралық ақпарат құралдарының жұмысына қатысты да бірқатар өзгеріс бар. Атап айтқанда, БАҚ мемлекеттік органдардың ресми жауаптарын таңбалауға міндеттеледі. Ал еркін қол жеткізілетін теле- және радиоарналар тізбесіне енгізілген арналар 30 күн ішінде хабар таратуға кірісуі керек.

Сонымен қатар заңнамаға «аудиовизуалды платформа» ұғымы енгізіліп, мұндай платформалар операторлары қызметінің тәртібі айқындалады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz