Қазақстанның халық ақыны Әсия Беркенова 77 жасқа қараған шағында дүниеден өтті. Қаралы хабарды Құрылтай депутаты, ақын Жанарбек Әшімжан жеткізді, деп хабарлайды «24KZ».
Жанарбек Әшімжан әлеуметтік желідегі жазбасында ақынның өмірден өтуі қазақ өнері мен мәдениеті үшін ауыр қаза екенін атап өтіп, марқұмның туған-туыстарына, әріптестері мен шәкірттеріне көңіл айтты.
Қазақстанның Халық ақыны, аяулы Апамыз Әсия Беркенова 77 жасқа қараған шағында дүниеден өтті. Өкінішті… Алла әйгілі Тұлғаның иманын жолдас, алдын пейіш, артын кеніш қылғай. Әсия Әйіпқызымен атамұра өнеріміздің бүтін бір дәуірі кетіп барады… – деп жазды Жанарбек Әшімжан.
Тегтер #Әсия Беркенова #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz