RU
Толық нұсқаға өту

Кәсіпкерлерді қолдау: субсидия орнына тікелей несие берілуі мүмкін

18.11.2026, 13:37 47

Елде жеңілдетілген несиеге жете алмай жүрген кәсіпкер көп. Түйткіл біреу. Қаржы институттары несие тарихы мінсіздерді таңдайды. Себебі қайтарымын ойлап, қайғырғысы жоқ. Ал ынтасы болса да, ыңғайын келтіруге қолының қысқалығы кедергі азаматтарға кредит беріле қоймайды, деп хабарлайды 24KZ.


Қазақстан Халық Кеңесінде шағын-орта бизнесті мемлекеттік қолдау шараларын кеңейту мәселесі қаралды. Яғни бастапқы көмекке мұқтаж барлық кәсіпкер, әсіресе ауылдардағы бизнес жобаларға демеу керек. Соның бір тетігі ретінде субсидиялаудан біртіндеп бас тартып, тікелей несиелеуге көшу ұсынылды. Жылдық мөлшерлеме 12,6 пайыз деңгейінде бекітілгеннің өзінде кәсіпкерлерге едәуір жәрдем болатыны айтылды.

Нұртай Сабильянов, Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі:

– Қазір даму институттары жеңілдетілген несие беріп жатыр. Алайда барлық кәсіпкерлер оған қол жеткізе алмайды. Оны басым бағыттарға ие кәсіпкерлер ғана алады. Біздің ойымызша, кімде-кім жұмыс істеймін, өндіріспен айналысып, ауыл шаруашылығын дамытамын десе, осындай субъектілерге жеңілдетілген несиелер беру керек. Яғни сол арқылы кәсіпкерлікті дамыту қажет. Қазақстанда жеңілдетілген несие жүйесін қалыптастыруымыз керек.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz