RU
Толық нұсқаға өту

Almaty SuperSki құрылысы: аспалы жолдардың іргетасы құйыла бастады

18.11.2026, 13:05 28

Премьер-министр Almaty SuperSki кластерінің құрылысына қатысты кеңес өткізді. Kazakh Tourism Development Ltd компаниясы жұмыстың қызу жүргізіліп жатқанын баяндады, деп хабарлайды 24KZ.


Қазір аспалы жолдардың іргетасын құю басталған. Жобаны жүзеге асыруға отандық бизнесмендер де тартылған. Нақтырақ айтса, POMA француз компаниясы салатын 11 аспалы жолдың құрылымдық материалдарын жергілікті кәсіпорын өндіреді. Сондай-ақ технологиялық және экономикалық талаптарға негізделген ашық конкурс нәтижесінде швейцариялық және даниялық компаниялар да Almaty SuperSki жобасына қатысатыны мәлім болды. Бірі ғимараттардың ағаш тірек конструкцияларын жобалау, дайындау, жеткізу мен техникалық сүйемелдеуіне жауапты. Ал екіншісі ауыл атты тұжырымдамасымен айналысады. Олжас Бектенова жобаның үздік әлемдік стандарттар бойынша жүзеге асырылып жатқанын және туризмнің дамуына елеулі серпін беретінін атап өтті. Құрылыс қарқынын бәсеңдетпей, демалыс аймағының 2028 жылдың желтоқсанында ашылуын тапсырды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz