RU
Толық нұсқаға өту

Н. Жақыпов пен Е. Отыншиев сот санкциясымен қамауға алынды

18.11.2026, 13:51 37

«Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» компанияларының бұрынғы басшылары Нұрлан Жақыпов пен Елжас Отыншиев сот шешімімен қамауға алынды. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті хабарлады. 

Комитет мәліметінше 12 қараша күні қос басшымен қатар бірнеше адам да ұсталған. Олар сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген күдікпен уақытша ұстау изоляторына қамалды. Отыншиевтің ұлттық компания басшылығына тағайындалғанына төрт ай да толмаған. Қазір сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. Сондықтан іске қатысты өзге мәліметтері жария етілмейтіні мәлімделді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz