Еліміздің картографиялық деректері мен геосервистері Qajet такси шақыру сервисіне кіріктіріледі. Мақсат – отандық навигациялық технологияларды дамыту, деп хабарлайды 24KZ.
Мәселе Премьер-министрдің орынбасары, Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиевтің төрағалығымен өткен жұмыс тобының отырысында қаралды. Бүгінде Қазгеодезия орталығының цифрлық карталарын коммерциялық сервисте де пайдалану мүмкіндігі пысықталып жатыр. Нәтижесінде мекенжайларды іздеу және қозғалыс бағыттарын құру мүмкіндіктері кеңейіп, нысандардың орналасқан жерін дәл анықтау тиімділігі артады.
Тегтер #картографиялық деректер #Qajet такси #премьер министр #ЖИPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz