Қазақстанда Конституциялық Сот жұмысын бастағалы 18 мыңнан астам өтініш түскен. Нәтижесінде 500-ден астам қаулы және 91 нормативтік қаулы қабылданды. Бұл туралы Конституциялық Сот төрағасы Құрылтайдың бүгінгі отырысында баяндады, деп хабарлайды 24KZ.
Эльвира Азимованың айтуынша, қазір қаулылардың 70 пайызы заңнамалық деңгейде орындалған. Тағы 17 қаулы бойынша тиісті шаралар заң шығару бастамасы аясында қабылдануға тиіс. Конституциялық Соттың шешімдері құқық қорғау органдарының жұмысына да ықпал еткен. Мәселен, мыңнан астам сот актісі қайта қаралып, азаматтарға 40 млн теңгеден астам қаражат қайтарылған.
Тегтер #конституциялық сот #құрылтай #Эльвира АзимоваPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz