RU
Толық нұсқаға өту

«Әкелер одағы» энергетикалық сусындарға толық тыйым салуды ұсынды

18.11.2026, 17:19 33

Елде энергетикалық сусындарды өндіруге, коммерциялық мақсатта импорттауға және сатуға толық тыйым салынуы қажет, деп хабарлайды 24KZ.


Мұны «Әкелер одағы» қоғамдық бірлестігі ұсынып, петиция жариялады. Бұл бастамаға жасөспірімдер арасындағы энергетикті тұтыну көрсеткішінің артуы себеп болған. HSBC халықаралық ұйымының зерттеуіне сәйкес зиянды сусынды Қазақстандағы 11 мен 15 жас аралығындағы оқушылар аптасына кемінде үш рет тұтынады екен. «Аталмыш өнімді саудалауға жас шектеуі енгізілсе де, балалар оған түрлі жолдармен қол жеткізіп отыр», - дейді бірлестік өкілдері. Сондықтан энергетикалық сусындарға республика бойынша толық тосқауыл қою керектігін алға тартады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz