RU
Толық нұсқаға өту

Назарбаев университеті аумағына 500 түп ағаш отырғызылды

18.11.2026, 17:43 33

Астанадағы Назарбаев университеті аумағына 500 түп ағаш отырғызылды. Кампусты көгалдандыру жұмысы «Таза Қазақстан» жалпыұлттық науқаны аясында қолға алынған, деп хабарлайды «24KZ».

Іс-шараға елордалық студенттер мен оқытушылар, белсенді жастар және қала тұрғындары атсалысты. Енді ағаштарға Назарбаев университетінің айти-мамандары цифрлық паспорт жасауды көздеп отыр. Ол әр тал мен оны еккен адам туралы ақпаратты қамтиды.

Гүлмира Қанай, Nazarbayev University:

– Әрбір ағаштың күтімін жасауымыз керек, суаруымыз керек. Оның жағдайын жүйелі түрде бақылау қажет. Университетіміздегі әрбір ағашқа жеке цифрлық паспорт берілетін болады. Онда әр ағаштың жай-күйі, өсу қарқыны қарастырылады. Сонымен қатар қаншалықты су құю керектігі, күн сәулесінің қалай түсетіні сияқты жалпы аналитикалық мәліметтер берілетін болады.

Жадыра Рахат, қала тұрғыны:

– Әрине, біз жаспыз. Алайда бізден кейін де жас ұрпақтың өсіп келе жатқанын ұмытпауымыз керек. Менің ойымша, бұл ісіміз жас ұрпаққа өнеге болады. «Таза Қазақстан» акциясы бізден кейінгі жас ұрпақты, іні-сіңлілерімізді тазалыққа үйретеді деп ойлаймын.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz