RU
Толық нұсқаға өту

Қазақстанда жеке тұлғаларға арналған автолизинг іске қосылды

18.11.2026, 19:02 18

Қазақстандықтар енді көлікті толық құнын бірден төлемей-ақ лизинг арқылы сатып алу мүмкіндігіне ие. Елде жеке тұлғаларға арналған автолизинг жүйесі іске қосылды. Бұл туралы Үкіметтегі брифингте Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбеков мәлімдеді, деп хабарлайды 24KZ.


Оның айтуынша, автолизинг несие мен бөліп төлеуге балама ретінде ұсынылып отыр. Өткен айдан бастап жаңа шекті мөлшерлемелер күшіне енді. Құны 20 млн теңгеге дейінгі көліктер үшін жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі 36 пайыздан аспауы тиіс. Ал одан қымбат автомобильдерге 46 пайыздық шектеу қойылған. Банктік лизинг бойынша ең жоғары мөлшерлеме 35 пайызға жетеді. Дегенмен бұл нақты бекітілген пайыздар емес, рұқсат етілген шекті көрсеткіштер. Бастапқы жарна көлемін, ай сайынғы төлем мен келісімшарт мерзімін лизингтік компаниялар өздері белгілейді. Оның автонесиеден басты айырмашылығы – көліктің құны толық өтелгенге дейін ол лизингтік компанияның меншігінде қалады. Дегенмен вице-министр автолизингтің несиеге немесе көлікті қолма-қол сатып алуға қарағанда тиімді болатынын нақты айтпады.

Олжас Сапарбеков, ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі:

– Біз статистикалық көрсеткіштердің соңынан қуып отырғанымыз жоқ. Мақсатымыз – халықтың көлік сатып алуына қолайлы жағдай жасап, қажетті қаржы құралдарын ұсыну және таңдау мүмкіндігін беру. Түпкілікті шешімді тұтынушының өзі қабылдауы керек деп есептейміз.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz