Алдағы уақытта жолдағы көлік кептелісі, жөндеу жұмыстары немесе апат жайлы ақпаратты арнайы платформадан көруге болады. Астанада «Е-жолдар» цифрлық сервисінің таныстырылымы өтті, деп хабарлайды 24KZ.
Жалпы жол құрылысындағы инновациялар мен озық технологиялар Kaztraffic 2026 халықаралық көрмесінде ұсынылған. Астанада өтіп жатқан іс-шараға биыл 20 елден 150-ден астам салалық компания қатысты. Халықаралық көрме аясында ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырылды. Сала мамандары жасанды интеллект жүйелерінің жолдарды басқарудағы рөлін талқылады.
Сырым Хамзин, «ҚазАвтоЖол» АҚ басқарма төрағасының орынбасары:
– Технологиялар орнында тұрған емес, жыл сайын шетелден және өзіміздің ішкі өндірістен жаңа технологиялар ойланып табылып жатыр. Жаңа технологияларды сынауға площадкалар береміз. Егер оны 1 жыл, 2 жыл қысты қалай өтеді, жаздың ыстығына қалай өтеді, соның барлығын қарап, зерделеп, егер жақсы оң нәтижесін беретін болса, әрі қарай жалпылама өндірістік пайдада қолдануға мүмкіндік туады.
Тегтер #Астана #EJoldar #цифрлық сервисPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz