RU
Толық нұсқаға өту

Жетісу облысында жол-көлік апаттары 7%-ға азайды

18.11.2026, 20:03 24

Жетісу облысында жыл басынан бері аймақта 900-ден аса жол көлік оқиғасы тіркелген. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 7 пайызға төмен. Қазан айында өңірдегі автоматты бақылау жүйесі жетілдірілді, деп хабарлайды 24KZ.


Құрылғы жылдамдықты арттыру, бағдаршамның қызыл түсіне өту және қауіпсіздік белдігін тақпағандарды, рөлде отырып ұялы телефонға үңілетіндерді де таспалайды. Бір айға жуық уақытта 9 мыңнан аса жол ережесін бұзу дерегі анықталған.

Саят Ибраимов, облыстық ПД ӘПБ бөлім бастығы:

– Жетісу облысы полиция департаменті қызметкерлерінің тарапынан автожолдарда күнделікті рейдтік іс-шаралар өткізілуде. Жетісу облысының аумағында жыл басынан автоматты режимде жұмыс істейтін арнайы құралдармен 170 мыңнан астам жол жүру ережелерін бұзу фактілері анықталған.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz