RU
Толық нұсқаға өту

Шымкентте термеден республикалық байқау өтті

18.11.2026, 21:58 28

Шымкентте дәстүрлі «Сөз маржаны – термеде» республикалық байқауы басталды. Өнер додасына еліміздің жеті өңірінен 13 термеші қатысып жатыр. Қатысушылар алғашқы кезеңде еркін тақырыпта, екінші айналымда оңтүстік өңірге тән терме-толғаулар орындады, деп хабарлайды 24KZ.

Майлықожа, Құлыншақ, Қайыпназар сынды белгілі ақындардың шығармаларын насихаттап, өсиетке толы сөздерін жеткізді. Байқау қатысушыларының орындаушылық шеберлігі, дауыс мәнері мен шығарманы жеткізу ерекшелігін мәдениет саласының майталмандары бағалады. Дәстүрлі өнер додасының қорытындысы бойынша жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар табысталды.

Ерболат Шалдыбеков ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, қазылар алқасының төрағасы:

– Мұндай байқаулар термені, жырды жалпы біздің орындаушылық өнердегі сала-салалық мектептерімізді кеңінен дәріптеуге мүмкіндігі көп. Себебі басқа облыстардан, басқа өлкеден келген орындаушылар өздерінің репертуарына оңтүстіктен шыққан ақын-жыршы, жыраулардың терме, нақыл, насихаттарын қосып жатыр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz