Қазақстанның минералдарды өндіру және экспорттаумен ғана шектелмей, оларды өңдеуге ұмтылуы құптарлық жағдай. Еуропаның перспективалары мен қауіпсіздігі институтының қауымдастырылған зерттеушісі Пьер Морэн Қазақстан Президентінің Жолдауында айтылған металдар қорының ұлттық жүйесін құру жөніндегі тапсырмасына қатысты осындай пікір білдірді.
Сарапшының айтуынша, жоғары технологиялық өндіріске қажетті шикізатты әртараптандыру – маңызды міндет. Еуропа елдерінде дәл осы ресурстарға қызығушылық артып келеді.
Пьер Морэн, Еуропаның перспективалары мен қауіпсіздігі институтының (IPSE) қауымдастырылған зерттеушісі:
- Францияда, жалпы Еуропалық одақта критикалық маңызы бар минералдардың 34 түрі анықталған. Олардың едәуір бөлігі, соның ішінде сирек кездесетін жер элементтері Қазақстанда бар. Елдеріңіз геологиялық барлау жұмыстарына инвестиция тартуға ұмтылуда. Шикізат саласында, атап айтқанда, уран өндірумен айналысатын Orano компаниясымен бірлескен жұмыстар жүргізіліп жатыр. Қазақстан осы минералдарды өз аумағында өңдеуді көздеп отыр. Өйткені экономикалық табыс шикізатты тек өндіруден емес, оны өңдеуден де түседі. Франциялық және еуропалық компаниялар осы салаға қаржы құя алады. Бұл бірлескен кәсіпорындар құру немесе тікелей инвестиция салу арқылы жүзеге асуы мүмкін.
Тегтер #минерал өндіру #экспорттау #металл #технологияPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz