RU
Толық нұсқаға өту
ҰҚК

Шекара қызметі заңсыз тауар айналымының жолын кесті

19.11.2026, 11:39 29

Шекарашылар құны 510 млн теңге темекі мен вейпті заңсыз алып өтудің жолын кесті, деп хабарлайды «24KZ».

ҰҚК Шекара қызметі мемлекеттік шекара арқылы тауарларды заңсыз өткізу фактілерінің жолын кесу бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізіп жатыр.

Атап айтқанда, 2026 жылдың қарашасында Ақтөбе облысындағы «Әлімбет» автомобиль өткізу пунктінде шекарашылар 593 мың қорап темекіні заңсыз алып өтудің жолын кесті.

Сонымен қатар Жамбыл облысындағы шекара учаскесінде 13 960 дана вейп анықталды.

Алдын ала бағалау бойынша, тәркіленген тауарлардың құны 510 млн теңгеден асады.

Аталған фактілер бойынша материалдар процестік шешім қабылдау үшін құзыретті органдарға жолданды.

Павлодар облысында вейптен түскен ақшаға алынған 12 млн теңгелік көлік тәркіленді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz