Отандық онкологтар биоматериалды қолдана отырып сүт безін қалпына келтіру технологиясын енгізді, деп хабарлайды 24KZ.
Жаңа хирургиялық әдіс мемлекеттік тіркеуден өтіп, қазір клиникалық тәжірибеде қолданылуына рұқсат алды. Яғни енді дәрігерлер ісікті алып тастаумен қатар бездің пішінін бірден қалпына келтіре алады. Бұл туралы Ұлттық ғылыми онкологиялық орталығы хабарлады. Жалпы сүт безі қатерлі ісігі – әйелдер арасында ең көп таралған ауру. Былтыр елдегі 6 мыңға жуық нәзік жан осындай диагнозбен тіркеуге тұрған. Сондықтан мамандар мұндай жаңашылдықтың салаға оң әсерін тигізетінін айтады. Жаңа тәсіл науқастардың отадан кейін тез оңалып, өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталып отыр.
Тегтер #24KZ #отандық медицина #сүт безі қатерлі ісігі #онкологиялық орталықPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz