RU
Толық нұсқаға өту

MNU студенттері кітап оқуды насихаттады

19.11.2026, 21:50 36

Екі мың студент жаңа өмір кезеңіне қадам басып, ЖОО-да сапалы білім алуға серт берді. Maqsut Narikbayev University биылғы қабылдау рәсімін «Кітап оқитын ұлт» тақырыбымен байланыстырды, деп хабарлайды 24KZ.

Кеш барысында студенттер кітап оқудың маңызын шығармашылық қойылымдар мен түрлі жобалар арқылы көрсетті.

Maqsut Narikbayev University-не студенттер қабылдау рәсімі өтті. Биылғы салтанатты кеш «Кітап оқитын ұлт» тақырыбына арналды. Шара барысында жастар арасында кітап оқу мәдениетін дамыту мен білімге құштарлықты арттыру мәселесі көтерілді. Мерекелік жиын бес мыңнан астам көрерменнің басын қосты.

Анар Ибраева, Maqsut Narikbayev University провосты:

– Біздің университетте кітап оқу мәдениетіне ерекше көңіл бөлінеді. Биыл «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында әр мектеп өз өнерін көрсетеді. Жасанды интеллект қарқынды дамып жатқан заманда әрбір студенттің сыни тұрғыдан ойлап, ақпаратты саралай білуі және іргелі білімі болуы біз үшін өте маңызды. Кітап оқу дағдысын қалыптастыру арқылы түлектеріміздің бойында осы қасиеттерді дамыта аламыз деп сенеміз.

Кештің басты ерекшелігі – университеттің төрт жоғары мектебі арасында студенттер қатарына қабылдау кубогы үшін сайыстың өтуі болды. Сондай-ақ сахнада БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарына арналған студенттік жобалар мен кітап оқу мәдениетін насихаттайтын театрландырылған қойылымдар ұсынылды. Студенттер «Кітап оқитын ұлт» республикалық жобасын қолдап, оқу мәдениетін дамытуға үн қосты.

Қорлан Опсанова, студент:

– Біздің Журналистика мектебі «Миллион кімге бұйырар» шоуы арқылы кітаптың маңызын, кітап оқудың және рухани баюдың қаншалықты маңызды екенін көрсетеді. Бұл іс-шараға біз ұзақ уақыт дайындалдық.

Салтанатты рәсімде екі мыңнан астам бірінші курс студенті MNU антын қабылдады. Сонымен қатар ауданы 882 шаршы метр, салмағы 100 келі болатын Қазақстандағы ең үлкен ту да жайылды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz