RU
Толық нұсқаға өту

Петропавлда экохакатон өтті

19.11.2026, 23:40 31

Петропавлда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында экологиялық хакатон өтті. Оған 50-ден астам колледж студенті қатысты, деп хабарлайды 24KZ.

Жастар басқосуда қаладағы өзекті экологиялық мәселелерді талқылап, оларды шешудің тың жолдарын ұсынды. Атап айтқанда, тұрмыстық қалдықтарды азайту, су айдындарының тазалығын сақтау және пластик тұтынуды қысқарту мәселелеріне басымдық берілді. Қатысушылар осы бағыттар бойынша өз жобаларын әзірлеп, жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдаланды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, үздік деп танылған бастамалар алдағы уақытта қолдау тауып, жүзеге асырылуы мүмкін.

Астасия Волкова, Жастар ресурстық орталығының жетекшісі:

– Бүгін жастарға өз идеяларын нақты жобаға айналдыруға көмек береміз. Әрбір кезеңін түсіндіріп, таныстырамыз. Өңірімізде мұндай экохакатонды алғаш рет қойымдастырып отырмыз.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz