RU
Толық нұсқаға өту

Астанада сауда сөресінде отандық өнім көбейді

20.11.2026, 08:10 3

Елде отандық ауыл шаруашылығының жалпы өнімі жеті жылда 2 есе өсті. Әсіресе азық-түлік өндірісі 1,7 трлн теңгеден 3,9 трлн теңгеге дейін артты. Ал саланы қолдау көлемі жылына бір триллион теңгеге жетті. Мұны Мемлекет басшысы тапсырған еді. Ал дүкен сөрелеріндегі отандық өнімнің үлесі қандай? 

Теңлік Күбенаева балаларының сапалы өнім тұтынғанын қалайды. Сондықтан азық-түлікке келгенде аса сақ. Дүкенге өзі келіп, әр тауарды мұқият таңдайды. 

Теңлік Күбенаева, қала тұрғыны:

- Вермишель тез піседы әрі езілмейді. Үнемі соны аламын, асыққанда пісіре саламын. Рожкиді аламыз, қант, күріш, арасында асыққан кезде вермишель тез піседі. Қазақстанның өнімдерін бағалаймыз.

Сауда нысандарындағы отандық тауарлардың ең төменгі үлесі 30% болуға тиіс. Ал мемлекеттік қолдау алатын сауда кәсіпорындары үшін 50% көзделген. Бұл  қадағаланады. Оның үстіне тұтынушылар мен кәсіпкерлер де сөредегі жағдайды бағамдап, сәйкестік болмаса, шағымдана алады.

Ербұлан Тағашов, ҚР СИМ Астана қаласы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы:

- Арыздар, шағымдар түсетін болса, біз сол сауда орнын тексеріп анықтай аламыз. Мысалы, осындай өнімнің ішінде 30 пайызы жеткілікті ма, жеткілікті емес пе деп. Сондықтан әрі қарай шара қолданамыз. Шара қолданғанда, біз нұсқама береміз. Қазір оған мысалы, тікелей айыппұл өндіріп, ескертпе деген шара көрсетілмеген. Бірақ нұсқама береміз. Нұсқаманың ішінде уақыт, мерзім береміз жаңағы сол өнімінің 30 пайызына толтыру міндетті. Содан кейін мысалы, нұсқама орындалмаған жағдайда сотқа беріп, оған айыппұл салынады нұсқаманы орындамағаны үшін.

Иә, отандық өнімге орын бөлуді елемейтін сауда желілері және үй жанындағы дүкендер ұдайы назарда. Тиісті тексерулер жүріп тұрады. Ал олқылықтарды азайту үшін Сауда министрлігі тауар өндірушілердің тізімін дайындап жатыр. Сол тізімге енгендер өз тауарын сөрелерге кедергісіз, тікелей жеткізуге мүмкіндік алады.

Ербұлан Тағашов, ҚР СИМ Астана қаласы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы:

- Қазір кейбір тауарлар жаңағы тізімде жоқ қой. Шағын кәсіпкер өзі, мысалы, өнім шығарып отырады, сөреге шыққысы келеді. Өз еркімен шығамын десе шығады, барады. Біз оған мысалы, жол бере аламыз көмектесіп, сөреге жету үшін. Бірақ кейбірі, мысалы, өзінің шығарып жатқан өнімі де толық емес болады, мысалы, аздау шығарады да аздап шығарғаннан кейін ол мысалы, жаңағы базарларда соларды сатып жібереді немесе өзінің онлайн дейді ғой, қазіргі уақытта көбінесе қызығатындар онлайн сауда жасау арқасында сататын болады, тауарының сөреге жеткізбейді екен. Сондай солардың да тізімін біз толықтайын деп жатырмыз.

Осындай қолдаудың арқасында елде сұранысқа ие өндіруші көбейіп жатыр. Демек, өнім көп. Өнім көбейген сайын импортты ығыстыруға мүмкіндік мол. Дәл қазір әлеуметтік маңызы бар тауар түрлері түгел өзімізде шығарылады.

БЛИЦ:

- Қаншалықты тұтынасыз қазақстандық өнімдерді?

– Әрдайым отандық өнімдерді алуға тырысамын. Өзіме мына продукция ұнайды, күнде-күнде ішеміз. Үйде болсын, шайға қосып, былай да ішіп отырамыз.

- Мен мысалға, Қазақстанда өндірілген жайманы, сосын ана кеспе лапшалар, соларды пайдаланамын. Сосын жаңағы зеленый горошек бар, пасталар бар томатный, бәрін пайдаланамыз.

- Әрине, мен өзім Қазақстанның азаматы болған соң, өзіміздің елді көркейту үшін өзіміздің тауарды алуға әрқашан да құштармын.

- Қандай өнімдерді жиі тұтынасыз?

- Енді міне, мынау нан болсын, не болсын, бәрін өзіміздікін алып жатырмын. Фасовочный вермишель, солар бар ғой, соларды қолданамыз. Көбінесе сапасы ойымыздан шығады, балабақшаға беріп жатқаннан кейін.

Астанада тауар өндірушілерге қарағанда, тұтынушы көп. Сол себепті мұнда жәрмеңке де жиі өтеді. Өйткені халық қолжетімді бағадағы әрі жоғары сападағы ауылдың ет пен сүтін, ұн мен майын сұрайды.

Мерей Мұратханқызы, тілші:

- Бұрын импорттық өнім мен қазақстандық тауар арасында таңдау жасайтын болсақ, қазір қазақстандық тауар өндірушілердің өнімдері арасында таңдау жасаймыз. Бұл – жақсы үрдіс. Оның үстіне елде азық-түлік қана емес, тұрмысқа қажет өнімнің көбі шығарылады. Ендігі мақсат – қазақстандық тауардың санын арттыру емес, сапасын арттыру, өйткені тұтынушылар бәсекеге қабілетті өнімді тұтынуға құқылы.

Авторы: Мерей Мұратханқызы, Артур Горшняков

 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz