RU
Толық нұсқаға өту

Ауыл шаруашылығының өндіріс көлемі 24%-ға өсті

20.11.2026, 13:30 30

Биыл сегіз айда ауыл шаруашылығының жалпы ішкі өнімдегі үлесі 5,2 пайызға өсіп  4 трлн 400 млрд теңгеге жетті. Бұған мал және өсімдік шаруашылығындағы өндіріс көлемінің артқаны сеп болған, деп хабарлайды 24KZ.

Қаңтар-тамыз аралығында мал шаруашылығының өнімділігі 4,1 пайызға ұлғайып, 2 трлн 800 млрд теңгені құрады. Өсімдік шаруашылығында бұл көрсеткіш 107 пайызға жеткен. Мұндағы өндіріс құны – 1,5 трлн теңге. Жалпы соңғы жеті жылда агро-өнеркәсіп саласының өндіріс көлемі 24 пайызға өскен. Бұған салынған инвестиция, еңбек өнімділігінің артуы мен экспорттың ұлғаюы оң ықпалын тигізген. 2019-2025 жылдар аралығында өсімдік шаруашылығының жалпы ішкі өнімі 2,1 есе көбейді. Мұнда 2,8 трлн-нан 6 трлн теңгеге дейінгі өсім байқалады. Ал мал шаруашылығының жалпы ішкі өнімдегі үлесі 1,7 есеге артқан. 2019 жылы 2,3 трлн теңге болса, бүгінде оның үлесі 3,8 трлн теңге шамасында. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz