Ғылыми жобаға жұмсалуы керек болған 297 млн теңге бөгде біреудің қалтасына кетті. Қаржылық мониторинг агенттігі тағы бір жемқорлықтың бетін ашты. Қыруар қаржыны жымқыру схемасы үш жыл бұрын басталған, деп хабарлайды 24KZ.
Жеке кәсіпкерлік өсімдік майларын өңдейтін жоба жасаймыз деген желеумен «Ғылым қорынан» 350 млн теңге алады. Қаражаттың қағаз жүзінде тиімді жаратылғанын көрсету үшін талапқа сай келмейтін түрлі құрылғы мен заттарды сатып алған. Ал жымқырылған ақшаны белгілі бір компаниялардың шотына уақытша аударып, кейіннен қайтарып отырған. Қызығы бұл іске жобаның жүзеге асуына жауаптылардың да қатысы бар болып шықты. «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығының» қызметкері 1,7 млн теңге заңсыз сыйақы алған. Ол аздай жеке кәсіпкерліктің заңбұзушылықтарын көрмегенсіп, жобаға қаржы құюды жалғастыруды ұсынған. Қазір қос күдікті де қамауда.
Тегтер #ғылыми жоба #қаржылық мониторинг #жемқорлық #Заң мен тәртіпPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz