RU
Толық нұсқаға өту

Қазақстан поштасы үздік 50 елдің қатарында

20.11.2026, 14:50 39

Қазақстанның пошта қызметі әлемдік рейтингте үздік 50 елдің қатарына енді. Дүниежүзілік пошта одағының 2026 жылғы индексінде еліміз 181 мемлекеттің арасында 42-ші орынға тұрақтады, деп хабарлайды 24KZ.


Қазақстан 74,9 балл жинап, Орталық Азияда көш бастады. Пошта қызметінің тұрақтылығы 88,2 балмен, ал жеткізу сенімділігі 84,9 балмен бағаланған.

Цифрлық қызметтердің дамуы да оң нәтижеге әсер етті. Осы бағыттағы қосымша көрсеткіштер бойынша Қазақстан 14 балдың 11,7-сін жинап, әлемде төртінші орын алды. Соның нәтижесінде рейтингтегі позициясын бірден 16 сатыға жақсартты.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz