Қаржыландыруға өтінім беруден бастап оны алуға дейінгі әуре-сарсаңды азайту керек. Рәсімдерді барынша оңтайландырмаса, шаруаларға да оңай соқпайды. Президент созылмалы мәселені біржола тоқтатуды тапсырды. Ол үшін шаруалардың кредитті өтеу қабілетін бағалайтын цифрлық модель енгізу керек, деп хабарлайды 24KZ.
Ал жасанды интеллектке иек артса, әлемдік ауқымдағы азық-түлік қорын қалыптастыруға әлеует бар. Бұл түйткілмен Үкіметтегі арнайы блок айналысуы қажет. Сондай-ақ Үкіметке жаһандық озық тәжірибені ескеріп, халықаралық қаржы ұйымдарымен бірге арнайы бағдарлама әзірлеу міндеттелгені айтылды.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
– Тағы бір өзекті мәселе – агросақтандыру жүйесін жетілдіру. Қуаңшылық, үсік және мал ауруы жылдар бойғы маңдай тер, табан ақыны желге ұшыруы мүмкін. Жергілікті климат жағдайына сеніп, жайбарақат отыруға болмайды. Бұл әуел бастан тиімсіз стратегия. Шығынды үнемі бюджеттен өтеу де проблеманы шешпейді. Сондықтан Үкімет Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен бірлесіп аталған нарықты дамыту жөнінде нақты ұсыныстар беруі керек. Сонымен қатар шаруаларды тәуекелдерден алдын ала ерікті түрде сақтануға ынталандыратын шаралар қарастыру қажет.
Тегтер #президент #ЖИ #азық түлік #Таңдаулы #ЖИ және цифрландыруPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz